Оқиға

Алматы облысында үйлену тойы өліммен аяқталды

© Sputnik / Абзал КалиевОграбление, иллюстративное фото
Ограбление, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2021
Жазылу
Ауруханаға жарақатпен жеткізілген 26 жастағы ер адам есін жимастан қайтыс болды
АЛМАТЫ, 21 желтоқстан – Sputnik. Алматы облысында үйлену тойы кезінде төбелес шығып, жас жігіт қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ұйғыр ауданы Шарын ауылындағы үйлену тойында мас адамдар арасында төбелес басталған. Қақтығыс салдарынан 26 жастағы жігіт кеудесінен пышақ жарақатын алған күйде жергілікті ауруханаға жеткізілді. Ол есін жимастан қайтыс болды.
Тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, ұстады. Ер адам төбелес болып жатқанын көріп, мас күйінде жанжалға араласқан. Жәбірленушінің жүрегіне пышақ сұққан. Ол ісіне өкінетінін айтты.
"Оқиға орнында қылмыс қаруы табылып, заттай дәлел ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Тергеу қылмыстық кодекстің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша жүргізіледі. Күдіктіге қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстауға санкция берілді", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0