Өңірлер

Атырауда болған төбелестің видеосы жарияланды

© Sputnik / Абзал КалиевДрака, иллюстративное фото
Драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2021
Жазылу
Патрульдік полиция қызметкерлері 26 және 27 жастағы екі жігіт қоғамдық орында төбелес шығарғанын анықтады   
НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Атырауда түнгі клуб алдында болған төбелес видеоға түсіп қалған, деп хабарлады Polisia.kz.
25 желтоқсан күні таңғы сағат 06:00 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасы жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Авангард-2 мөлтек ауданында орналасқан түнгі клуб алдында белгісіз екі азаматтың төбелесіп жатқанын байқап, патрульдік полиция қызметкерлерін жіберген.
Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қоғамдық орында төбелес шығарған 26 және 27 жастағы екі жігітті анықтады.
Медициналық айғақтау нәтижесінде олардың жеңіл дәрежеде мас  екені анықталды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, сотқа жолданды.
Оқи отырыңыз: Кентауда мектептегі төбелестен кейін жасөспірім қыз ауруханаға түсті 
Жаңалықтар
0