Әлем

Иманбек жыл музыканты атанды

© Photo : instagram/imanbekmusicИманбек Зейкенов
Иманбек Зейкенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2021
Жазылу
Қазақстандық диджей Imanbek MTV Россия телеарнасының таңдауы бойынша жыл музыканты атанды
НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. MTV Россия телеарнасы 2021 жылдың музыканттарын жариялады. Үздік ондыққа қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов (Imanbek) енді.
Жылдың үздік он музыканты: Мари Краймбери, Slava Marlow, Муся Тотибадзе, Jony, Imanbek, Мот, Zivert, Ваня Дмитриенко, Mary Gu, Анет Сай.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от MTV Россия (@mtvrussia)

Еске сала кетейік, қазақстандық Иманбек Зейкенов 2019 жылы SAINt JHN – Roses әнінің ремиксін жазып, әлемге танымал болды.
Композиция әлемдік чарттарда бірінші орынды иеленді. Иманбек қазақстандықтардың арасында алғаш болып "Грэмми" сыйлығын алды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
0