Қоғам

Мен оқ атуға бұйрық бердім – Тоқаев

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2022
Жазылу
Президент шетелде мәселені бейбіт шешу үшін келіссөз жүргізу жайлы айтылып жатқан үндеуді ақымақтық деп атады
НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев террористерге қарсы оқ атуға бұйрық бергенін мәлімдеді.
"Террористер әлі күнге дейін мемлекеттік және жеке мүлікке зиян тигізіп, азаматтарға қарсы қару қолдануда. Мен құқық қорғаушылар мен армияға ескертусіз оқ атуға бұйрық бердім", - деді Тоқаев үндеуде.
Президент шетелде мәселені бейбіт шешу үшін келіссөз жүргізу жайлы айтылып жатқан үндеуді ақымақтық деп атады.
"Қылмыскерлермен, кісі өлтірушілермен қандай келіссөз болуы мүмкін. Біз қаруланған және дайындықтан өткен содырлармен бетпе-бет келдік. Олардың арасында жергілікті және шетелдік азаматтар да бар. Олар нағыз бандиттер және террористер. Сол себепті олардың көзін жою керек. Жақын арада бұл іске асады", - деді ол.
 
Жаңалықтар
0