Экономика

Малайзиялық компания Қазақстанда инвестициялық жобаны жүзеге асырады

© Photo : Kazakh Invest Малайзиялық компания Қазақстанда инвестициялық жобаны жүзеге асырады

Малайзиялық компания Қазақстанда инвестициялық жобаны жүзеге асырады - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Жазылу
Малайзиялықтар Қазақстанда мұнай-газ жабдықтарын шығаруға инвестиция құюды көздеп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан — Sputnik. Малайзиялық инвесторлар Қазақстанның мұнай-газ кәсіпорындары үшін жабдықтар шығаруды жоспарлап отыр.
Өзара түсіністік туралы меморандумға Kaz Elektro Serve Ltd (Elektro Serve (M) Sdn Bhd еншілес компаниясы) және IMBC қауымдастығы арасында қол қойылды. Жоба "Kazakh Invest" ұлттық компаниясының қолдауымен жүзеге асырылады.
"Kaz Elektro Serve Ltd жоғарыда аталған серіктестермен бірлесіп Қазақстанда сорғылар, азот генераторлары және электр айналмалы машиналар (жоғары вольтты электр қозғалтқыштары мен генераторлар) өндірісін локализациялауды көздеп отыр. Әзірге инвестицияның нақты көлемі белгісіз", - деп хабарлады Kazakh Invest.
Carbotrade-Absoger және Ingeteam тобына кіретін Indar сияқты еуропалық компаниялар осы жобаны жүзеге асыруға қосылуды жоспарлап отыр. Компаниялар технологияларды ерте кезеңде беру арқылы көмек көрсетуге ниетті.
"Құжатқа қол қою ұзақ және табанды келіссөздердің нәтижесі деуге болады. Қазақстанға ең заманауи технологиялар тартылады, Қазақстанның мұнай-газ, тау-кен өндіру және электр энергетикасы салаларының қажеттіліктері үшін жаңа өндірістік қуаттар мен бірқатар қызметтер құрылады деп жоспарлануда", - деп атап өтті Kazakh Invest.
Осы жобаны іске асыру да осы бағыттағы импорт көлемін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.
Тек 2020 жылы Қазақстан жалпы сомасы 343 миллион долларға сорғы жабдығын импорттады. Соңғы 5 жылда бұл көрсеткіш шамамен 1,8 миллиард долларды құрады.
Жаңалықтар
0