Алланың айы саналады: ақпанда басталған Ережеп айын қалай өткізу керек

© Sputnik / Владислав ВодневВиды города Нур-Султан зимой
Виды города Нур-Султан зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2022
Жазылу
Исламда қасиетті төрт айдың бірі саналатын Ережеп Шағбан мен Рамазан айларынан бұрын келеді. 2022 жылы бұл ай ақпан айына тұспа-тұс келіп тұр. Мұсылмандар үшін орны бөлек айды қалай өткізу керек екені жайлы толығырақ Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

Ережеп қандай ай

Ережеп (Ражаб) айы – Алланың қасында ерекше құрметке ие болған қасиетті төрт айдың бірі. Бұл жөнінде Құран Кәрімде:"Расында Алланың қасында көктер мен жерді жаратқалы Алланың кітабындағы айлардың саны – он екі. Бұлардың төртеуі – құрметті айлар. Міне, (адамзаттың игілігі үшін) ең дұрыс әрі мінсіз жүйе – осы. Ендеше, бұл айларда өз-өздеріңе қиянат жасамаңдар", - делінген.
"Ражаб" сөзі ұлықтау, құрметтеу деген мағынаны білдіреді.
Ережеп – Алла Тағаланың соғысуға, қан төгуге тыйым салған айларының бірі. Бұл айда жер бетін топан су басқанда Нұх пайғамбар кемеге мінген, Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарға алғашқы уахи түсе бастаған, пайғамбарымыз Миғражға (көкке) көтерілген.
Хәзірет Сұлтан мешіті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2021
Қоғам
Күнәдан тазару: Бараат түнін қалай өткізу керек
Сонымен қатар, тағы бір деректе "Ережеп – суы сүттен ақ, балдан тәтті және мұздан салқын бір жұмақ өзенінің аты және бұл мөлдір бұлақтан тек осы айда ораза ұстағандар ғана ішеді" делінген.
Ережеп – Алланың айы. Оған дәлел пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) бір хадисінде былай келеді: "Ережеп – Алла Тағаланың айы, Шағбан – менің айым, Рамазан – үмбетімнің айы".

Ережеп айында не істеу керек

Ережеп айының барша мұсылман жамағаты үшін орны бөлек. Бұл айда ізгі амалдар жасап, Алладан көп кешірім тілеп, құлшылық қылған абзал. Ережеп айында оқыған дұғамыз қабыл болып, қайырымды істерімізге мол сауап жазылады.
Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Бес түн бар, онда дұғалар кері қайтарылмайды. Олар – Ережеп айының алғашқы түні, Шағбан айының жартысындағы түн, жұма түні, Ораза және Құрбан айт түндері",– деген.
Ережеп – кешірім, мейірім, шапағат айы. Сол себепті бұл айдың әрбір сәтін барынша пайдалы өткізіп, ғибадат жасап, дұға еткен жөн. Араздасқан жандар өкпе-ренішін ұмытып, бір-бірімен татуласса нұр үстіне нұр. Жетім-жесірлер мен мұқтаждарға қол ұшын созуға, қайырымдылық жасауға, үлкенді-кішілі күнәлардан бойын аулақ ұстауға, садақа беруге, Құран оқуға зейін қойған дұрыс. Қысқасы, қасиетті Рамазан айына дайындықты Ережеп айынан бастаған абзал.

Ережеп айында қандай дұға оқылады

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Ережеп айы басталғанда:
"Уа, Алла! Ережеп және Шағбан айларында бізге береке бер, бізді Рамазан айына жеткізе гөр!" – деп дұға еткен.

Ораза ұстауға бола ма

Ережеп айында ауыз бекіту міндет емес. Ораза тұту-тұтпау – әркімнің өз еркі. Бірақ осы айда ұстаған оразаның сауабы мол.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады: "Кімде-кім қасиетті айларда (Зулқағда, Зулхижжа, Мұхаррам және Ережеп) үш-үш күннен ораза ұстаса, амал дәптеріне тоғыз жүз жылдық ғибадаттың сауабы жазылады".
Сотрудник лаборатории работает с пробирками пцр-тестов для анализа на коронавирус - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2021
Қоғам
Ораза ұстап жүргенде ПТР-тест тапсыруға бола ма?  
Оразаны Ережеп айының басында үш күн, ортасында үш күн және соңында үш күн ұстауға болады. Атап айтқанда, әр аптаның бейсенбі, жұма және сенбі күндері. Бірақ, бұл шарт емес. Оразаны қанша және қай күндері ұстайтынын әр адам өзі шешеді.
Ережеп айында ораза ұстайтын кісі күнделікті намаз кестесін негізге алады. Таң намазы кірген уақыт – ауыз бекіту уақыты. Сол уақытқа дейін сәресін ішу керек. Ал ақшам намазы кірген уақытта ауыз ашады.

Миғраж түні

Миғраж түні 2022 жылы 28 ақпаннан 1 наурызға қараған түнге сәйкес келіп тұр.
Миғраж оқиғасы хижреттен бір жарым жыл бұрын Ережеп айының жиырма жетінші түнінде болды. "Миғраж" сөзі "жоғары шығу", ал "Исра" ұғымы "түнгі сапар" дегенді білдіреді.
Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде Миғраж оқиғасын былайша баяндайды: "Құлын (Мұхаммедті ғ.с.) бір түні өзіне белгілерімізді көрсету үшін Масжид Харамнан біз айналасын мүбарак қылған Масжид Ақсаға апарған Алла әртүрлі кемшіліктен пәк. Шәксіз, Ол естуші, білуші" ("Исра" сүресі, 1-аят).
Исра мен Миғраж оқиғасы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) басына келген түрлі ауыртпалықтардан кейінгі Алланың сүйікті елшісіне жасаған сыйлығы болды. Бұл оқиға Пайғамбардың (с.ғ.с) мұңын кетіріп, қайғысын сейілтті. Осылайша бүкіл жер бетіндегі есіктер алдында қақ жабылса да, аспанның есіктері Ол (с.ғ.с) үшін әрдайым ашық болатынын көрсетті.
Наурызбай кажы Таганулы, председатель Духовного управления мусульман Казахстана, верховный муфтий  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2021
Қоғам
Бас мүфти "қара жұма" атауын өзгертуді ұсынды
Миғраж түнінде пайғамбарымыз Меккедегі әл-Харам мешітінен Құддыстағы (Иерусалим) әл-Ақса мешітіне бір сәтте Исра (түнгі сапар) жасады. Одан миғражға – жеті қат көкке көтеріліп, дүниеден өткен барлық пайғамбармен кездесті, үнемі құлшылықта жүретін періштелермен жолықты. Құдіретті Жаратушымыздың түрлі белгі – аяттарын көріп, Онымен тілдесті.
Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) миғражда үш үлкен сыйлық берілді:
Біріншісі, бес уақыт намаз. Екіншісі, Аллаға серік қоспаған жанның жәннатқа кіретіні жайындағы сүйінші хабар. Үшіншісі, Бақара сүресінің соңғы екі аяты.
Осыдан сапардан кейін мұсылмандар үшін жыл сайын бұл түнді Пайғамбарға (с.ғ.с) салауат айтып, нәпіл ғибадаттармен өткізу дәстүрге айналды.
Жаңалықтар
0