Білім

Ақтөбе облысында 4 колледждің директоры ротация бойынша ауысты

© Photo : РixabayПодписание документов
Подписание документов - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2022
Жазылу
Ереже бойынша ротация бір білім беру ұйымында 4-7 жыл жұмыс істейтін балабақша, мектеп, колледждің директорларына қолданылады
АЛМАТЫ, 10 ақпан – Sputnik. Қазақстандық білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау Ақтөбе облысында басталды, деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.
Осылайша Ақтөбе облысындағы 4 колледждің директоры қайта тағайындалды.
Олар: Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі, Ақтөбе гуманитарлық колледжі, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі, Ақтөбе жоғары ауыл шаруашылығы колледжі.
Шешімді мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау жөніндегі комиссия қабылдады.
"Былтыр министрлік мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау ережелерін бекітті. Бұған дейін үлкен жұмыс атқарылды, нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді. Биыл мектептер мен колледждердің директорларын ротациялауды бастадық. Бір ұйымда 15-20 және одан да көп жыл жұмыс істейтін менеджерлер бар", - деді бірінші вице-министр Шолпан Каринова.
Айтуынша, ротация бірнеше білім беру ұйымында тиімді басқарушылардың әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға жол ашады.
Ереже бойынша ротация бір білім беру ұйымында 4-7 жыл жұмыс істейтін балабақша, мектеп, колледждің директорларына қолданылады.
Алайда бір білім беру ұйымында 4 жыл қызмет атқаратын бірінші басшы ротациядан бас тарта алады. Егер директор 7 жылдан астам уақыт жұмыс істесе, онда ол міндетті түрде ротацияланады.
Жаңалықтар
0