Қоғам

Абылай Мырзахметов өз өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді

© Sputnik / Болат ШайхиновАблай Мырзахметов
Аблай Мырзахметов - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2022
Жазылу
Толықтырылып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов өз өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді.
"Бүгін мен жаңадан сайланған президиумның алдында өз өкілеттілігімді тоқтататынымды мәлімдеймін. 8 жылдың ішінде сіздермен бірге үлкен жолдан өттік. Соның нәтижесінде бизнес пен биліктің қарым-қатынасы, жалпы, пікір алмасу алаңы құрылды. Ашығын айтайық, барлық мәселені шешпеген шығармыз. Бизнес нақты нәтижені қалайды ғой, ал шенеуніктің көзқарасы, логикасы басқаша. Қазір де заңға (президиумды сайлау туралы - Sputnik) қатысты сын-ескертпелер айтылып жатыр. Ол да біздің кемішілігіміз шығар. Оны мойындаймын. Дегенмен, палата құрылды", - деді Мырзахметов палатаның кезектен тыс съезінде.
Ол барлық әріптестеріне алғыс айтып, алда тұрған мәселелерге де тоқталды. Бүгінде аймақтарда қауымдастықтардың жұмысын жетілдіру керек. Себебі кәсіпкерлер жиі шағым айтады.
"Негізгі мақсатымыздың бірі палатаны аяққа тұрғызу еді. Осы міндетті өздеріңізбен бірге орындадық деп ойлаймын. Енді өздеріңіз бағасын бере жатарсыздар. Елдің жағдайын көріп, біліп жатырсыздар. Соңғы бір айдың ішінде өміріміз өзгерді, басқа Қазақстанда, жаңа Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз. Ал кәсіпкерлер - экономиканың негізгі күші. Мемлекет басшысы да сіздер елді алға қарай сүйрейсіздер деп үлкен үміп артып отыр. Сондықтан палата өзгеруі керек, кәсіпкерлер мен биліктің қарым-қатынасы өзгеруі керек. Осындай ашық әрі жария пікір алмасу болуы керек", - деп атап көрсетті Мырзахметов.
"Құрметті азаматтар, мен араларыңызда қаламын. Өзім ауылда өскенмін. Қаным қазақ, жаным ашиды. Осы қоғамдық жұмыспен елге барамын. Қазақ балаларын жұмысқа тартамын, қолымнан келгенше жинаған тәжірибемді, білімімді, жігерімді соған жұмсаймын", - деді ол.
Айта кетері, бүгін съезд делегаттары "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқа төрағасының қызметіне Райымбек Баталовты сайлады. Ол Тимур Құлыбаевтың орнына келді.
Райымбек Баталов - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2022
Қоғам
Құлыбаевтың орнына "Атамекен" палатасы төралқасының жаңа төрағасы сайланды
Жаңалықтар
0