Украинада 821 әскери инфрақұрылым нысаны жойылды – Ресей қорғаныс министрлігі

© AP Photo / Sergei GritsУкраинада жойылған әскери техника
Украинада жойылған әскери техника - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2022
Жазылу
Ресей қорғаныс министрлігі Украинадағы жағдай туралы айтты
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Ресей армиясы Украина әскери инфрақұрылымының 821 нысанын жойды, деп хабарлады журналистерге РФ қорғаныс министрлігінің ресми өкілі генерал-майор Игорь Конашенков.
"Ресей қарулы күштері Украина әскери инфрақұрылымының 821 нысанын қиратты", - деді Конашенков.
"Оның ішінде 14 әскери аэродром, 19 басқару пункті мен байланыс орталығы, 24 С-300 және "Оса" зениттік-зымыран кешені, 48 радиолокациялық станция бар. 7 әскери ұшақ, 7 тікұшақ, 9 ұшқышсыз ұшу аппараты атып түсірілді. 87 танк және басқа да әскери брондалған машиналар, 28 дүркіндетіп ату реактивті жүйесі, 118 арнайы әскери техника жойылды", - деп хабарлады РИА Новости Конашенковқа сілтеме жасап.
"Ресей Әскери-теңіз флоты күштері Украина әскери-теңіз күштерінің 8 әскери катерін жойды", - деп толықтырды ол.
Ресей Қарулы күштері түнде Украинадағы әскери нысандарға теңіз және құрлықтағы қанатты зымырандармен соққы берген.
Конашенковтың айтуынша, оқ әскери инфрақұрылым нысандарына ғана атылып жатыр.
Жаңалықтар
0