Ресейдің SWIFT-тен ажыратылуы Қазақстанға қалай әсер етеді – Ұлттық банк жауап берді

© Photo : Пресс-служба Национального банка КазахстанаҰлттық банктің ғимараты
Ұлттық банктің ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2022
Жазылу
Ресей банктерінің SWIFT жүйесінде бұғатталуы еліміздің төлем нарығына қауіп төндіріп тұрған жоқ, деп мәлімдеді Пірматов
НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Ресей банктерінің SWIFT жүйесінен ажыратылуы Қазақстанға қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Ресейдің кейбір банктерінің SWIFT жүйесінде бұғатталуы Қазақстанда төлем жүргізуге әсер етпейді және еліміздің төлем нарығына қауіп төндіріп тұрған жоқ. Клиенттердің төлемдері, ел ішіндегі аударымдар бойынша барлық операция штаттық режимде істеп тұр", - деді Пірматов үкімет отырысында.
Оның айтуынша, SWIFT жүйесінен ажыратылған ресейлік банктермен трансшекарарлық операциялар үшін өзара есеп айырысудың баламалы механизмдері әзірленді.
"Ұлттық банк нарықтарды қадағалап, жағдай бұдан ары нашарлаған кезде қаржылық және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін пәрменді шаралар қабылдауды жалғастырады", - деп атап өтті Пірматов.
Ол үшін ұлттық банкте барлық қажетті құралдар бар және ұлттық банк оларды орынды пайдаланып отыр.
Жаңалықтар
0