Әлем

Пәкістанда мешітте жұма намазы кезінде жарылыс болды - отыз адам көз жұмды

© REUTERS / FAYAZ AZIZРазрушенная после взрыва в Пешаваре мечеть
Разрушенная после взрыва в Пешаваре мечеть - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз — Sputnik. Пәкістанда жұма намазы кезінде мешітте жарылыс болды.
Оқиға салдарынан кем дегенде 30 адам қаза тауып, тағы 50 адам жарақат алды, деп хабарлайды Geo News.
Жергілікті полицияның мәліметінше, пәкістандық Пешаварда жұма намазы кезінде террорист өзін өзі жарып жіберген.
Зардап шеккен ондаған адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында жұмыс істеген құтқарушыларға куәгерлер көмектескен.
Аурухана өкілінің айтуынша, кем дегенде он адамның жағдайы ауыр.
Кейбір мәліметтер бойынша, лаңкестің жоспарын жүзеге асыруға көмектескен тағы адамдар болуы мүмкін.
Пәкістан премьер-министрі Имран Хан құтқару қызметтеріне барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.
Жаңа Зеландиядағы теракт - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2019
Оқиға
Мешіттегі қанды қырғын: желіде оқиға орнында түсірілген видеолар жарияланды
Жаңалықтар
0