Оқиға

Батыс Қазақстанда қымбат көліктер тиелген автотасығыш аударылып кетті

© Photo : БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіҚымбат көліктер тиелген автотасығыш аударылып кетті
Қымбат көліктер тиелген автотасығыш аударылып кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2022
Жазылу
6 жеңіл көлік тиелген автотасығыш жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың жиегіне шығып кеткен
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында қымбат көліктер тиелген тағы бір жүк көлігі аударылды, деп хабарлады "Мой город" порталы.
Ресми мәліметке сәйкес, 5 наурызда түнгі сағат 22:30-да Орал-Атырау тасжолында Көшім елді мекеніне жақын жерде DAF маркалы автотасығыш жолдан шығып, аударылып кеткен.
"Алты жеңіл көлік тиелген автотасығыш жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың жиегіне шығып кеткен. Сосын аударылған. Көз жұмған және зардап шеккен адамдар жоқ. Жүкке ғана зақым келген", - дейді полицейлер.
Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің мамандары барды.
Айта кетері, 5 наурызда түнгі сағат 23:10-да Орал-Атырау тасжолы қатты көктайғаққа байланысты жабылған болатын. Полицейлер көлік жүргізушілерін алыс жолға шықпауға үндеді. Бұған дейін дәл осы жолда DAF маркалы автотасығыш аударылған. Жеті көліктің бәрі суға құлады.
Алматы, қар - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2022
Өңірлер
Қар аралас жаңбыр жауады: синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады
Жаңалықтар
0