Қарағанды облысында ірі қара құтырды

© Photo : Pixabay/ congerdesign Корова жует сено
Корова жует сено - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2022
Жазылу
Мамандар бұл ауру қасқыр тартқан сиырдан тарады деп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Қарағанды облысында ірі қара құтыра бастады. Қауіпті кесел Қарқаралы ауданынындағы Мамыраев ауылынан шыққан. Індеттен өткен айда төрт ірі қара арам қатқан.
Аудандағы шаруа қожалықтарының бірінде сиыр ақпанда қырыла бастаған. Олардан алынған сынаманың қорытындысы енді шығыпты. Құтырма дерті расталған соң, Мамыраев атындағы ауылдан ет, сүт өнімдерін шығаруға тыйым салынды, деп хабарлады КТК.
Ауру ошағы саналған шаруа қожалығындағы адамдардың да денсаулығы бақылауға алынды. Өйткені бұл кесел адамға да жұғуы ықтимал.
Мамандар аталған ауру қасқыр тартқан сиырдан тарады деп отыр. Қазір ауылда шектеу шаралары қолға алынды.
"Ауыл округі әкімінің шектеу жариялау шешіміне сәйкес, республикалық қордан тиісті ветеринарлық препараттар бөлінеді. Осы ветеринарлық препараттармен лажсыз және қорытынды дезинфекция жүргізіледі. Сонымен қатар шаруа қожалығындағы барлық малға вакцина салынады", - дейді АШМ ветеринария бақылау комитеті, Қарағанды облысы инспекциясының басшысы Данияр Мерғазин.
Жаңалықтар
0