Өңірлер

Шымкентте студент қыздар көшеден жаңа туған нәрестені тауып алды

© Photo : pixabay.comСәби
Сәби - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Шымкентте тұрғын үй ауласынан жаңа туған нәресте табылды. Бұл туралы қаланың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов хабарлады.
Анасы сәбиін үйлердің бірінің ауласына тастап кеткен.
"Ұл бала, салмағы – 3 келі, дүниеге келгеніне екі тәулік болған", - деп жазды Позилов Instagram-дағы парақшасында.
Айтуынша, баланы студент қыздар тауып алған. Олар сәбиді бірден жақын маңдағы жедел жәрдемнің Call-орталығына әкелді. Бала қатты тоңып қалған, жағдайы ауыр болған.
Call-орталық қызметкерлері мен диспетчерлер оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, сәбиді аман алып қалды. Осыдан кейін нәресте ауруханаға жеткізілді.
Жаңалықтар
0