Қоғам

Еңбек министрі жұмыс берушілерден жалақыны көтеруді сұрады

© Sputnik / Владислав ВодневЕңбек министрі Серік Шәпкенов
Еңбек министрі Серік Шәпкенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2022
Жазылу
Министр еңбек даулары Еңбек кодексі аясында шешілуге тиіс екенін атап өтті. Ол құқығы шектелген азаматтарды еңбек инспекциясына жүгінуге шақырды
НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов жұмыс берушілерден әлемдік инфляцияны ескере отырып, жалақыны көтеруді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр еңбек мәселелерінде жұмысшы мен жұмыс беруші арасында баланс болуы керек екенін атап өтті.
Шәпкенов жұмыс берушілер азық-түлік, қызметтер мен тауарлардың әжептәуір қымбаттағанын ескеріп, қол астындағы қызметкерлерінің жалақысын көтеруі керек деп санайды.
"Барлық кәсіпкерлік субъектісі мен жұмыс берушіге айтарым: егер мүмкіндік болса, өз қызметкерлеріңізге қолдау көрсетіп, айлығын көтеріңіздер", - деді еңбек министрі сенат кулуарында.
Сондай-ақ, Шәпкенов жыл сайын әкімдіктер қала құраушы кәсіпорындармен меморандум бекітетінін еске салды. Нәтижесінде кәсіпорындар жұмысшыларды қысқартпауға және еңбекақыны 5-тен 10%-ке дейін индексациялауға міндеттеледі.
Бұған қоса, министр қазақстандық жұмысшыларға үндеу жасады. Ол қызметкерлерді еңбек дауы туындаған жағдайда Еңбек кодексі аясында әрекет етуге және өз құқығын қорғауға шақырды.
"Егер жұмысшылардың жұмыс берушіге талап-арызы болса, онда жұмыс беруші бітістіру-келісу комиссиясын құрып, мәселелерді талқылайды. Комиссияға сәйкес шешім қабылданады. Егер әлдекім комиссиямен келіспесе, еңбек арбитражы құрылады. Ол жерге еңбек инспекторлары қатысады", - деп түсіндірді ведомство басшысы еңбек дауларын реттеудің заңнамалық тетігін.
Әмиян - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2022
Экономика
"40 мың алатындар да бар": орташа жалақы мөлшері шын мәнінде қанша теңге?
Ұлттық банктің мәліметінше, инфляция құрылымында азық-түлік бағасы жылдық мәнде – 9,9%-ке, азық-түлік емес тауарлар – 8,5%-ке, ақылы қызметтер 6,8%-ке көтерілген.
Жаңалықтар
0