Саясат

Тоқаев пен Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті

© Sputnik / Рамиз БахтияровТоқаев пен Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті
Тоқаев пен Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2022
Жазылу
Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан тарапы бастамашы болды
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
"Президенттер Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың және аймақтық кооперацияны кеңейтудің перспективаларын талқылады", - делінген хабарламада.
Екі ел басшысы сауда-экономикалық және өзара мүддені көздейтін басқа да салалардағы ынтымақтастықты жандандыруға ерекше назар аударды. Тараптар өзбек көшбасшысының былтыр желтоқсанда Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыру мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.
Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан тарапы бастамашы болды.
Флаги государств Центральной Азии - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2022
Әлем
Орталық Азия президенттерінің балалары немен айналысады
Жаңалықтар
0