Спорт

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов әке атанды

© Sputnik / Владислав ВодневШавкат Рахмонов
Шавкат Рахмонов - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. UFC-де сынға түсетін аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов әке атанды.
Қазақстандық әлеуметтік желідегі парақшасында нәрестені көтеріп тұрған суретін жариялап, "Сүйінші. Қазақ еліне 1 батыр" деп жазды.
Еске салсақ, отандасымыз соңғы рет UFC-дегі жекпе-жекке 5 ақпан күні шықты. Қазақстандық файтер қарсыласы Карлстон Харристі бірінші раундта нокаутқа жіберді.
Рахмоновтың келесі қарсыласы "Гаити сенсациясы" лақап атымен танымал Нил Магни болады. Жекпе-жек 25 маусымға жоспарланған.
Хабиб Нурмагомедов - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2020
Спорт
UFC-дегі Рахмоновтың жеңісі, Нурмагомедовтің мәлімдемесі
Жаңалықтар
0