Дональд Трамп: АҚШ тарихтағы ең қауіпті кезеңді бастан өткеріп жатыр

© AFP 2024 / SAUL LOEB Дональд Трамп
 Дональд Трамп  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2022
Жазылу
Күні кеше Heritage Foundation зерттеу институтында сөз сөйлеген АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп отандастарына "ел тарихындағы ең қауіпті кезеңде өмір сүріп жатқандарын" айтты. Трамп Вашингтон билігін Украина аумағындағы дағдарысқа ашық кірісуге шақырып жатқан өз отандастарынан сескенетінін мәлімдеді, деп жазды РИА Новости.
Арнайы операцияның жаңа кезеңі Ресейдің Украина проблемасына тоқтау болатынына қатысты табандылығын аңғартты. Украинаны батыс қару-жарағымен қамтамасыз ету нәтиже берер емес. Жалдамалы шетелдік әскер де тиімділік танытпай отыр – батыстық әскерилер украин жерінде ажал құшып немесе тұтқынға беріліп жатыр.
Америкалық саясаткерлер арасында АҚШ-қа бұл іске араласуды доғарып, өз проблемасына назар аударатын уақыт жеткені жайлы аракідік айтылып жатыр. Ал Америкада Украинаға еш қатысы жоқ күрделі мәселе жеткілікті. Себебі америкалықтар Ұлы дағдарыс уақытынан бері адамзат баласы көрмеген кедейлікке қарай аяңдап келе жатыр.
Бірақ елде сғысты қолдайтындар басым. Олардың пікірінше, Украинадағы арнайы операцияның қорытындысы америкалық үстемдік үшін шешуші мәнге ие. Сондықтан АҚШ үшін ол ресейлік әскердің Украина жерінен толық шегінуімен, Қырым мен Донбасты Киев режиміне қайтарумен аяқталуы керек. Олай болмаса, ешқандай келіссөз туралы сөз қозғаудың қажеті жоқ. Ал егер Ресей арнайы операцияны сәтті аяқтаса, онда бұл Вашингтонның жеңіліс тапқанын аңғартады.
"Ауғанстаннан жедел қашуға мәжбүр болғаннан кейін әлемнің америкалық әскери қуатқа қатысты ешқандай үміті қалмағаны анық. Ал америкалықтар әскери қақтығыс туындатып, оған белсене араласып, содан кейін жапатармағай қашуы бірінші рет емес. Оның үстіне, CNN мен Washington Post кез келген жеңілісті ұлы жеңіс ретінде насихаттауға дағдыланған", - деп жазылған материалда.
Дональд и Мелания Трамп  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2021
Әлем
Трамп 2024 жылғы сайлауға қатыса ма
АҚШ-тағы неоконсерваттар "Макдональдс" пен "Старбакстан" айырылып қалған ресейліктер көшеге шығып, көтеріліс ұйымдастырып, билікті құлатады деп үміттенді. Алайда бұл жоспар толығымен орындалмады. Бучадағы секілді жасанды кадрларды әлем қауымдастығы салқынқандылықпен қабылдады. Өйткені әлем Сирия кезінен бері америкалықтардың фейк ақпаратынан мезі болған.
Сондықтан қақтығысты мейлінше шиеленістіруді көздеген АҚШ эскалацияның екі сценарийін қарастырып отыр. Біріншісі Вашингтонның Украинаға әскерилерді бағыттауын қамтиды. Өйткені жоғары лауазымды саясаткерлері осы нұсқа белсенді ұсынып жатыр. Ал екінші сценарий бойынша америкалық арнайы қызмет украин әріптестерімен бірлесіп, Украина аумағында қандай да бір арандатушылық ұйымдастырып, бар кінәні Ресейге артады. Foreign Affairs мұндай жоспарды "Мүмкін емес жоспарға дайындық" деп атады.
Арандатушылық әрекетке химиялық, биологиялық немесе ядролық қару жұмылдырылуы мүмкін. Алайда Украина жеріндегі барлық биологиялық қару АҚШ-қа тиесілі. Зертхана құрылысы және қауіпті патогендермен жүргізілген эксперименттерді араларында АҚШ президенті Джо Байденнің ұлы Хантер бар адамдар инвестициялаған.
Ресейде химиялық қару жоқ. Химиялық қаруға тыйым салу және оны жою туралы конвенцияға сәйкес Мәскеу бұл қару түрін толық жойып тастаған. Ал Конвенцияға қатысушылар қатарындағы АҚШ-та осы уақытқа дейін қауіпті химиялық заттар сақтаулы тұр. Оларды жою күні бүгінге дейін түрлі сылтаумен кейінге қалдырылып келсе, коронавирус пандемиясы бұл процесті тіпті тоқтатып тастады.
"Ядролық қару қаупі Киев режимі басқарып отырған атом станцияларынан ғана туындауы мүмкін. Сондықтан АҚШ қандай арандатушылық әрекетке барса да, бүкіл әлем оның басында кім тұрғанын бірден ұғынады. Мұндай іс-қимыл Ресейді шешім қабылдау орталығына тікелей соққы жасауға мәжбүрлейді. Себебі бұл қадам РФ стратегиясында жазылған", - дейді мақала авторы.
Танымал сарапшы әрі Виктория Нуланддтың жолдасы Роберт Каган өз отандастарын "Ресейде ядролық арсенал болғанымен, Мәскеу оны қолдануы екіталай" деп сендіруге тырысып жатыр. Дональд Трамп Каган секілді адамдардар сескеніп отыр. Өйткені экс-президент елінің құрдымға кетіп бар жатқанын түсініп, Ресеймен қақтығыс жақсылық алып келмейтіні туралы америкалықтарға ескерткісі келеді.
Дональд Трамп қазір қоғамда "ядролық қару" тіркесі тым жиі қолданылып жатқанын сынға алып, бұл адамзатты апатқа ұшырататын үлкен проблемалы мәселе екенін ескертті.
"Мен билікте болған кезде Ресей арнайы операция жүргізген жоқ. Біштың кезінде Грузияны басып алды (Трамп Абхазия мен Оңтүстік Осетияны азат етуді меңзеп тұр). Обама кезінде олар Қырымды алды. Ал мен президент болған шақта мұндай оқиға тіркелген жоқ", - деді экс-көшбасшы.
Джозеф Байден - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2022
Әлем
Байден тағы да көзге көрінбейтін адамдармен "қол алысты" - видео
Бұл сөздің жаны бар. Неге олай болды? Себебі Трамп Украинамен қарым-қатынаста үзіліс белгілеп, қару-жарақ жеткізу мәселесін де баяу жүргізді. Донбасс айналасында әскер шоғырланған жоқ. Мәскеу Минск келісімдері орындалады деген үмітін жоғалтпады. Сондықтан арнайы операция жүргізудің қажеті туындамады. Ал Байден режимі бір жыл ішінде жағдайды ушықтырып жіберді.
Танымал консервативті публицист Пат Бьюкенен Трамптың ойымен келісетінін жеткізген. Ол "Ресеймен соғысты болдырмау біздің басты мақсатымызға айналуы керек" деген тақырыппен жарық көрген мақаласында америкалық көбасшылар КСРО-мен қақтығысқа түспеуді қалай жүзеге асырғанына тоқталған.
"Өкінішке қарай, ақылға қонымды ойға тоқтау әркез оңай емес. Сондықтан, эскалация кезінде Ресей "Сармат" секілді континентаралық зымыранды қолданғанда ғана америкалықтар қазіргі ұстанымдарынан айнуы мүмкін", - дейді мақала авторы.
Жаңалықтар
0