Білім

Аймағамбетов педагогтерге ауызашар берді

© аккаунт Асхата Айсагамбетова в соцсетяхАймағамбетов педагогтерге ауызашар берді
Аймағамбетов педагогтерге ауызашар берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2022
Жазылу
Бұған дейін ел президенті Ақордада ауызашар берді
АЛМАТЫ, 29 сәуір – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтерге ауызашар берді. Бұл туралы министр әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қасиетті Рамазан айында елордалық мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдерді ауызашарға шақырдым. Осы мүмкіндікті пайдаланып, әріптестерімізбен білім саласындағы мәселелер төңірегінде де әңгіме өрбіттік", - деп жазды Аймағамбетов.
Министр білім саласына қатысты әңгімелесіп, пікірлері мен ұсыныстарын айтқан мұғалімдерге алғысын білдірді.
Айта кетері, бұған дейін ел президенті Ақордада ауызашар берді. Биыл рамазан айы 2 сәуірде басталды, 1 мамырда аяқталады. Ал 2 мамыр – Ораза айт күні.
Пенжім ауылындағы сел - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2019
Өңірлер
Алматы облысында ауызашарда отырған жұрт баспанасын тастап қашты
Жаңалықтар
0