Денсаулық

Қайта-қайта салмақ қосады: арықтағысы келетіндер жіберетін қателік қандай

© Photo : Рixabay/TeroVesalainenТаразы
Таразы - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2022
Жазылу
Денсаулыққа зиян келтірмей әдеттегі салмақты қалпына келтіру мүмкін, дейді маман
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр — Sputnik. Медицина ғылымдарының докторы, диетолог, диетология және диетотерапия ғылыми-зерттеу институтының директоры Михаил Гинзбург стресс салдарынан жинаған салмаөтан қалай арылуға болатынын айтты.
Оның айтуынша, денсаулыққа зиян келтірмей әдеттегі салмақты қалпына келтіру мүмкін.
Стресс кезінде көбінесе артық салмақ жиналады, деді дәрігер Sputnik радиосына берген сұхбатында. Диетолог мұндай жағдайда салмақ жоғалтудың қауіпсіз әдісін түсіндірді.
Алдымен күйзелістен шығып, жан тыныш болуы керек. Адам көңілі бөлініп, өзіне жақсы әсер ететін нәрсе табуға тиіс. Мұны істеудің түрлі тәсілі бар, дейді маман.
Мазасыздықтан арылуға ыстық ванна, душ, серуендеу, қалыпты ұйқы көмектеседі. Жалбыз, сасықшөп шайын да қолдануға болады. Хош иісті майлар да тыныштандырады. әсеріне ие. Адам күйзелістен шыға алмаса, психолог немесе психотерапевтке бару керек.
Мюсли, ашытылған сүт сусындары, жарма, кептірілген жеміс жеген жөн. Диетаға көкөніс пен жеміс қосу керек.

"Адам қант пен майды мөлшерден көп жегендіктен салмақ қосады. Сондықтан оларды аз жеген дұрыс. Шоколад сияқты тәттілерді тамақ орнына емес, тойған кезде жеу керек", – деп түсіндірді Михаил Гинзбург.

Диетолог арықтау үшін мүлдем тамақтан бас тартудың кері әсері бар екенін атап өтті.
"Бұл ең үлкен қателік, өйткені тамақтан бас тартқан адам кейін көп жеп қояды. Аштық сезімі болмауға тиіс", - деп қорытындылады Михаил Гинзбург.
Алтынай Жорабаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2019
Мәдениет
Артық салмақтан арылған қазақстандық жұлдыздар кімдер?
Жаңалықтар
0