https://sputnik.kz/20220522/asker-sarbazdar-ant-video-24970535.html
Көктемде әскерге шақырылған сарбаздар ант берді – видео
Көктемде әскерге шақырылған сарбаздар ант берді – видео
Sputnik Қазақстан
Салтанатты шара "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығында өтті. Шымкент, Тараз, Гвардейск және Меркі гарнизондарына еліміздің барлық өңірінен шақырылған екі мыңнан... 22.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-22T08:45+0500
2022-05-22T08:45+0500
2023-08-10T17:13+0500
видео
сарбаздар
ант
https://sputnik.kz/img/07e6/05/16/24970505_0:0:1080:608_1920x0_80_0_0_f26ceecc46ae11454d43d0127fdc90c4.jpg
Әр әскери қызметшінің өміріндегі салтанатты сәт – Отан алдында адал болуға ант беру. Осыдан кейін шақырылушылар ел қорғау жолындағы барлық жауапкершілікті мойнына алып, нағыз жауынгер болады.Карантинге байланысты екі жылғы үзілістен кейін алғаш рет ант қабылдау рәсіміне әскери қызметшілердің туыстары мен жақындары қатысты.Жуырда Қазақстанның басқа гарнизондарында да әскерге жаңа келген сарбаздардың ант қабылдау рәсімі өтеді. Биыл көктемде Қарулы күштердің әскери бөлімдері мен құрамаларының қатары әскерге шақыру жасындағы 6 мыңнан астам азаматпен толығады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/16/24970505_5:0:965:720_1920x0_80_0_0_b0dd5b36aa4890eb7b4f17ba9e430009.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
сарбаздар, видео, ант
Көктемде әскерге шақырылған сарбаздар ант берді – видео
08:45 22.05.2022 (жаңартылды: 17:13 10.08.2023) Салтанатты шара "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығында өтті. Шымкент, Тараз, Гвардейск және Меркі гарнизондарына еліміздің барлық өңірінен шақырылған екі мыңнан астам жас сарбаз Отан алдындағы қасиетті борышына адал болуға ант берді
Әр әскери қызметшінің өміріндегі салтанатты сәт – Отан алдында адал болуға ант беру. Осыдан кейін шақырылушылар ел қорғау жолындағы барлық жауапкершілікті мойнына алып, нағыз жауынгер болады.
Карантинге байланысты екі жылғы үзілістен кейін алғаш рет ант қабылдау рәсіміне әскери қызметшілердің туыстары мен жақындары қатысты.
"Біз Ақтөбе облысынан келдік, - дейді Меркі гарнизонында қызмет етіп жүрген сарбаз Бекжігіт Кәрімовтың анасы Айжан Даниясова. – Біз ұлымызды бір ай көрген жоқпыз. Осы уақытта әжептәуір шымырланып қалыпты. Ұлымыз – мақтанышымыз. Отан алдындағы борышты өтеу – әр ер азаматтың парызы деп санаймыз. Командирлерімен танысып, телефондарын алдық. Ұлымызға қамқорлық жасайтыны анық".
Жуырда Қазақстанның басқа гарнизондарында да әскерге жаңа келген сарбаздардың ант қабылдау рәсімі өтеді. Биыл көктемде Қарулы күштердің әскери бөлімдері мен құрамаларының қатары әскерге шақыру жасындағы 6 мыңнан астам азаматпен толығады.