Әлем

Билл Гейтс жаңа пандемия болатынын айтты

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өту Билл Гейтс, архив
 Билл Гейтс, архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2022
Жазылу
Microsoft компаниясының негізін қалаушы алдағы 20 жылда жаңа пандемия болатыны туралы мәлімдеді
НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс алдағы жиырма жылда жаңа пандемия басталуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы РИА Новости Diario онлайн-басылымына сілтеме жасап хабарлады.
"Алдағы 20 жылда әлемде тағы бір пандемия болуының елу процент ықтималдылығы бар", - деді ол.
Сәуірде әлем бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 500 миллионнан асты. Дүниежүзінде бұл дерттен 6,3 миллионға жуық адам қайтыс болды.
Еске салсақ, 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын Хубэй провинциясының Ухань қаласында белгісіз пневмонияның өршіп жатқаны туралы хабардар етті. Мамандар аурудың қоздырғышы жаңа коронавирус екенін анықтады. 2020 жылдың наурыз айында ДДСҰ COVID-19 індетін пандемия деп жариялады.
Медик, врач - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2022
Әлем
Пандемия биыл аяқталуы мүмкін – дәрігер
Жаңалықтар
0