Жаңадан құрылған министрліктерді кімдер басқарады: президент жарлыққа қол қойды

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Президент жарлығымен Саясат Нұрбек ғылым және жоғары білім министрі болып тағайындалды.
"Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалсын" делінген президент жарлығында.
Асхат Аймағамбетов Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі лауазымынан босатылсын" делінген президент жарлығында.
Жаңалықтар
0