"Денеге ыстық үтік басқан": азаптау фактілері бойынша бірнеше полицей өз кінәсін мойындады

© Sputnik / Ксения ВоронинаПолицей
Полицей - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2022
Жазылу
Осы істер бойынша 15 құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері күдікті деп танылды
НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Қаңтар оқиғасынан кейін Алматы облысында қызған үтікті пайдалану арқылы азаптау фактілері бойынша 25 адам жәбірленуші болып танылды.
Бұл туралы бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі уақытта 8 резонансты істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. Осы істер бойынша 15 құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері күдікті деп танылды. Олардың ішінде 9 қызметкер қамауға алынды.
"Атап айтқанда, Алматы облысында қызған үтікті пайдалану арқылы азаптау ісі бойынша 25 адам жәбірленуші болып танылды. Барлық арызданушылар азаптауды қолданудың ұқсас тәсілін сипаттады. Жедел-тергеу әрекеттердің нәтижесінде арнайы прокурорлар 5 полиция қызметкерінің қатысын анықтады. Олардың үшеуі кінәсін мойындады", - деді Шалабаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Оның айтуынша, Алматы облысында ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің екі қызметкеріне қатысты тергеу шаралары аяқталды.
"Олар ұсталған адамды ұрып-соққан. Оның өліміне әкеп соққан әрекет үшін айыпталып отыр. Азаптаулар бойынша қылмыстық істертерде тергеу ерекшелігі бар. Жәбірленушілердің көпшілігі қатысы бар адамдарды анықтай алмайды. Өйткені олар бетперде киген немесе арнайы киім-кешексіз болған", - деп атап көрсетті Шалабаев.
Үтік - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2022
Қоғам
Денесін күйдіруге дейін барған: омбудсмен ұсталғандарды азаптау жайлы айтты
Жаңалықтар
0