Шомылу маусымы басталғаннан бері 19 бала суға кетті

CC0 / / Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Шомылу маусымы басталғаннан бері 36 адам, оның ішінде 19 бала суға кетті, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
"Бүгінгі күні өкінішке қарай, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан адамдардың қаза болу фактілері тіркелді, 81 адам, оның ішінде 32 кәмелетке толмаған адам суға кетті. Шомылу маусымы басталғаннан бері 36 адам, оның ішінде 19 бала суға кетті", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Еліміздің су айдындарында алдын алу жұмыстары аясында жыл басынан бері 50 адам құтқарылды, оның ішінде 10 бала бар.
Шомылу маусымы басталғаннан бері 7 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды.
"Биыл су акваторияларын қамтуды ұлғайту және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін суға шомылу маусымы басталысымен су қоймаларының қауіпті және күзетілмейтін учаскелерінде министрліктің қосымша 55 мобильді құтқару бекеті қойылды. Бұдан басқа, әкімдіктермен және су маңындағы демалыс орындарының иелерімен бірлесіп министрліктің жедел-құтқару жасақтарында даярлықтан өткен қоғамдық құтқарушылар есебінен 377 объектілік құтқару бекеті жабдықталуда", - деп атап өтті ведомство.
Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету үшін коммуналдық және жеке жағажайларда 162 медициналық пункт жұмыс істейді.
Жаңалықтар
0