Қор биржасында доллар 3 теңгеге арзандады

© Sputnik / Абзал КалиевДоллар, иллюстративті фото
Доллар, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Қазақстан қор биржасында жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің орташа сараланған бағамы бір АҚШ долларына шаққанда 474,12 теңге болды. Бұл алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда 3,31 теңгеге төмен.
Рубль бағамы аздап өсіп, 7,7 теңгені құрады.
Еуро бағамы 490 теңге болды.
kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар орташа есеппен 476,20 теңгеден сатылып, 470,76 теңгеден сатып алынып жтыр.

Демалыс күндеріндегі валюта бағамы

Қазақстанның Ұлттық банкі 9-11 шілде аралығындағы доллар мен рубльдің ұлттық валютаға қатысты ресми бағамын белгіледі. Демалыс күндері және дүйсенбіде доллардың ресми бағамы 474,92 теңгеге, рубль 7,72 теңгеге тең болады.
Жаңалықтар
0