Әлем

Илон Маск Twitter-ді сатып алудан бас тартты

© AFP 2024 / BRENDAN SMIALOWSKIИлон Маск
Илон Маск  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2022
Жазылу
Илон Маск Twitter-ді сатып алу туралы құны 44 миллиард доллар болатын келісімшарттан бас тартты
НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Миллиардер Илон Маск Twitter-ді сатып алудан бас тартатыны туралы хабарлады, деп хабарлайды РИА Новости .
Әлеуметтік желі боттар туралы деректерді бере алмағандықтан, ол келісімшарттан бас тарту құқығын пайдаланды.
"Маск Twitter-дегі жалған немесе спам аккаунттарының шынайы саны әлеуметтік желі көрсеткен "5%-тен аз" деген мәлімдемеден айтарлықтай көп деп айтуға негіз бар деп санайды", - деп жазылған құжатта.
Хат авторларының пікірінше, бұл көрсеткіш "тым төмендетілген".
Әлеуметтік желі спам және фейк аккаунттарды тексеру және оларды бұғаттау туралы ақпарат ұсынбады.
Сонымен қатар, Маск компанияның қаржылық жағдайы туралы ұсынылған материалдарға көңілі толмайды, деп жазылған хатта.
Илон Маск  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2022
Илон Маск жаңа әлеуметтік желі ашуды жоспарлап отыр
Жаңалықтар
0