Өңірлер

Қарағандыда мектеп шатыры құлады

© Photo : Скриншот видеоҚарағандыда мектеп шатыры құлады
Қарағандыда мектеп шатыры құлады - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2022
Жазылу
Қалалық білім бөлімі ғимарат 60 жыл бұрын салынғанын айтты
НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде - Sputnik. Қарағандыда №50 орта мектептің шатыры құлап, спортзалдың ішіне тақталар мен бағандар құлады. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Қарағанды облысы әкімінің тапсырмасы бойынша оқиғаны тергеу үшін комиссия құрылды.
Қалалық білім бөлімі ғимарат 60 жыл бұрын салынғанын айтты, деп жазады "Патриот Караганды".
Спортзалдың ішінде екі апта бойы құрылыс компаниясы жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Қабырғаларды бояп, төбені ағартады және еденді ауыстырады.
"Мектеп ғимаратында апат белгілері болған жоқ. Қабырғалардың деформациясы, іргетастың шөгуі болған жоқ", - деп хабарлады Қарағанды қаласының білім бөлімі.
Үйлерді су басты, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2022
Өңірлер
Қарағанды облысында нөсер жауын салдарынан аулалар мен үйлерді су басты
Жаңалықтар
0