Қоғам

Техникалық байқаудан қандай көліктер босатылады – полиция ескерту жасады

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуавтомобиль
автомобиль - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті техникалық байқау талаптары сақтау қажеттігін еске салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жол қозғалысы туралы заңына сәйкес, барлық көлік құралын міндетті түрде техникалық байқаудан өткізу керек. Ал 7 жылдан аспайтын B/M1 санатындағы коммерциялық емес жаңа көліктер одан босатылып отыр.

"Көлік құралдарының барлық қалған санаттары және 7 жылдан асқан B/M1 санатындағы автомобильдер жыл сайын техникалық тексеруден өтуі керек. Қоғамдық көлік (автобустар, шағын автобустар, таксилер) меншік нысанына және шығарылған жылына қарамастан жылына екі рет техникалық байқаудан өтуі тиіс", - дейді полицейлер.

Автокөлік иесінің тіркелген жері бойынша техникалық байқаудан өту міндетті емес. Қазақстан аумағында кез келген техникалық байқау орталығынан тиісті құжатты алуға болады.
Ал техникалық тексеруден өтпеген көлікті пайдалануға тыйым салынады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабына сәйкес, ондай тәртіп бұзушылық үшін 5 АЕК (15 315 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Сонымен қатар, 797-бап бойынша полиция қызметкері көлікті техникалық тексеруден өткізгенге дейін мемлекеттік тіркеу нөмірін алып қоя алады.
"Қазіргі кезде көлік құралдарын қолданыстағы техникалық тексерудің бар-жоғын тексеруді патрульдеу режимінде, патрульдік машинада отырып, қызметтік планшетті қолдана отырып, полиция қызметкерлері жүзеге асыратынын хабарлаймыз", - деп атап көрсетті тәртіп сақшылары.
Жаңалықтар
0