Қоғам

Қазақстанда киіктердің мәселесі: ақылы аңшылық басталуы мүмкін

Сайгаки - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Қазақстанда киіктердің санын реттеу үшін ақылы аңшылық енгізілуі мүмкін. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр киіктер популяциясын реттеу үшін келесі жылы ақылы аңшылыққа рұқсат етілуі мүмкін екенін айтты. Киіктерге қатысты шешім қазан айында қабылданады.
"Қазір күн тәртібінде келесі жылы спорттық-әуесқойлық аңшылық ұйымдастыру және өткізу мәселесі қаралып жатыр. Бұл ақылы аңшылық болады. Біз бұған дейін киік Қызыл кітапқа енбегенін айттық. Бізде аңшылыққа 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тыйым салынған. Бұл мәселелер қазір қаралуда, қазан айының соңына дейін бір шешімге келеміз", - деді Брекешев үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Айтуынша, экология министрлігі ғылым министрлігімен бірлесіп биологиялық талдау жүргізу үшін күзде 500 бас киікті тірідей ұстайды. Анализ жасалғаннан кейін жануарлар қайтадан табиғатқа жіберіледі.
Жаңалықтар
0