Мектептерде 1 қыркүйек қалай өтеді – вице-министр жауап берді

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова мектептерде 1 қыркүйек – Білім күнін өткізу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
1 қыркүйекте барлық мектепте салтанаттты жиындар ұйымдастырылады.
"Сосын "Білімге құштарлық, еңбекқорлық пен патриотизм" тақырыбында сынып сағаттары өтеді. Білім күніне арналған салтанатты жиын мен сынып сағатын өткізу тәртібін, сондай-ақ қатысушылардың санын әрбір мектеп өзі анықтайды", - деді Каринова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Ресми мәліметке сәйкес, республика бойынша 7 мыңнан астам мектеп бар. Барлығы 3,6 миллион оқушы орта білім алып жүр. Жаңа оқу жылы 2023 жылдың 31 мамырына дейін жалғасады.
Школьник на уроке, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2022
Білім
Қазақстандық оқушылар енді 31 мамырға дейін оқиды
Жаңалықтар
0