Экономика

Қазақстанда қанттың ең төменгі бөлшек сауда бағасы белгіленеді

© Photo : Pixabay / Сахар, иллюстративное фото
Сахар, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов ішкі нарықты демпингтен қорғау үшін қанттың ең төменгі бөлшек сауда бағасын белгілеуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Біз қант тапшылығы мен оның қымбаттауына қатысты халықтың наразылығын көріп отырмыз. Бұл жөнінде мемлекет басшысы тарапынан да әділ сын айтылды. Осыған байланысты аталған саланы дамыту бойынша Кешенді жоспар әзірленді", - деді Смайылов үкімет отырысында.
Ең алдымен қант зауыттары отандық шикізатпен қамтамасыз етілуі керек. Сондықтан егіс алқаптары 11,5 мыңнан 38 мың гектарға дейін, яғни 3 есеге ұлғаймақ.
Премьердің айтуынша, бұл алдағы 5 жылда отандық шикізаттан қант өндіру көлемін жыл сайын 250 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, қант зауыттары жаңғыртылып, өндірістік қуаты өседі.
"Қант бағасына қатысты түрлі манипуляциялардың алдын алып, алыпсатарлық пен қажетсіз делдалдарды анықтау қажет. Сауда министрлігіне ішкі нарықты демпингтен қорғау үшін қантқа ең төменгі бөлшек сауда бағасын белгілеу мәселесін пысықтауды тапсырамын", - деді Смайылов.
Сондай-ақ Павлодар облысында жаңа қант зауыты салынады.
Үкімет басшысы ааыл шаруашылығы министрлігіне сауда министрлігімен және "Бәйтерек" холдингімен бірлесіп, қант зауыттарын жаңғырту және шикізат сатып алуға айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдікпен кредит беру мәселесін пысықтауды тапсырды.
Зауыттарға қант бағасының күрт өсуіне жол бермеу бойынша қарсы міндеттемелер белгіленеді.
"Жалпы қантпен қамтамасыз ету жағдайы тұрақталды. Қанттың қажетті қоры бар. Өңірлерде дүрлігуге жол бермеу қажет", - деп түйіндеді Смайылов.
Жаңалықтар
0