Саясат

Тоқаев Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігіне барды

© Photo : ҚР Президентінің баспасөз қызметіҚасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігіне барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігіне барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігіне барып, II Елизавета патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
© Photo : AMANҚасым-Жомарт Тоқаев II Елизавета патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Касым-Жомарт Токаев посетил Посольство Великобритании в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2022
Қасым-Жомарт Тоқаев II Елизавета патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Сондай-ақ президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды, деп хабарлайды Ақорда.
© Photo : AMANПрезидент көңіл айту кітабына жазба қалдырды
Касым-Жомарт Токаев посетил Посольство Великобритании в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2022
Президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды
Бұған дейін Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия королі ІІІ Карлға анасы II Елизавета патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.
Президент елді 70 жыл бойы басқарған ІІ Елизавета патшайымның аса көрнекті көшбасшы, ұлы британ халқының бірлігі мен табандылығының символы болғанын атап өтті.
Еске салсақ, 8 қыркүйекте ІІ Елизавета Шотландиядағы Балморал сарайында қайтыс болды. Осыған байланысты Ұлыбританияда 10 күндік аза тұту күні жарияланды.
Патшайым Виндзор сарайының аумағындағы әкесінің (король VI Георг) мемориалдық шағын шіркеуінде жерленеді.
Айта кетері, патшайым таққа 1952 жылы 25 жасында отырған еді.
Ұлыбритания патшайымы Елизавета II  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2022
Ұлыбритания патшайымы 96 жасында дүниеден озды
Жаңалықтар
0