Спорт

Тоқаев Головкинге телефон шалып, қолдау білдірді

© AFP 2024 / SARAH STIERГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге телефон шалып, қолдау білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін Головкин екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасты. Алайда төрешілер шешімімен жеңіліп қалды. Жекпе-жектен кейін оған мемлекет басшысы қоңырау шалды.
"Сен жанкүйерлер үшін әлемдегі және еліміздегі ең үздік ұлттық чемпион болдың және чемпион болып қала бересің. Біз сені мақтан тұтамыз! " - деді мемлекет басшысы.
Тоқаев Геннадий Қазақстанды әлемдік аренада танымал ету үшін зор үлес қосқанын ерекше атап өтті.
Головкин - Альварес, дуэль взглядов - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2022
Спорт
GGG жеңіліп қалды - трилогияның соңы
Жаңалықтар
0