Сүт безі қатерлі ісігі: астаналық әйелдер тегін тексеруден өте алады

© Sputnik / Абзал КалиевОнкологический центр в Нур-Султане на карантине
Онкологический центр в Нур-Султане на карантине  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 10 қазан - Sputnik. 15 қазанда Ұлттық ғылыми онкология орталығында сүт безі обырының алдын алу және ерте диагностикалау бойынша ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметі.
"Диагностикадан өту үшін жеке куәлік және алдыңғы тексерулердің медициналық қорытындылары және консультациялар (олар болған жағдайда) көшірмесін алып келу қажет", - делінген хабарламада.
Тексеруге тіркелу Сall-орталықтың телефон нөмірлері бойынша жүргізіледі: 8 (7172) 702 911; 702 900 немесе WhatsApp арқылы: +7 708 425 0711 жазылуға болады.
Іс-шара Астана қаласы, Керей және Жәнібек хандар көшесі, 3, консультативтік-диагностикалық орталық мекен-жайы бойынша өтеді.
Жаңалықтар
0