Лукашенко қазанда Қазақстанға сапармен келеді

© Sputnik / Sergey Bobylev/Pool / Медиабанкке өтуПрезидент Белоруссии Александр Лукашенко на заседании Совета глав стран-участниц ШОС в расширенном составе в Самарканде, Узбекистан
Президент Белоруссии Александр Лукашенко на заседании Совета глав стран-участниц ШОС в расширенном составе в Самарканде, Узбекистан - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 11 қазан - Sputnik. Беларусь президенті Александр Лукашенко 11-14 қазанда Тәжікстан мен Қазақстанға сапармен барады, деп хабарлайды БелТа ақпарат агенттігі.
"Тәжікстанға ресми сапары аяқталғаннан кейін Александр Лукашенко Қазақстанға жұмыс сапарымен барады. Президент 13-14 қазанда Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) алтыншы саммитіне және ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады", - деп жазылған Беларусь президентінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасаған хабарламада.
Бұған дейін хабарлағандай, Ресей президенті Владимир Путин Астанада өтетін үш саммитке де қатысатынын растады.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, 12-13 қазанда өтетін АӨСШК алтыншы саммитіне 11 мемлекет басшысы, 1 вице-президент, 1 үкімет басшысының орынбасары және 5 министр қатысады
Жаңалықтар
0