https://sputnik.kz/20221014/astanada-tmd-elderi-prezidentterinin-qatysuymen-sammit-bastaldy-28461111.html
Астанада ТМД елдері президенттерінің қатысуымен саммит басталды
Астанада ТМД елдері президенттерінің қатысуымен саммит басталды
Sputnik Қазақстан
Сондай-ақ бүгін елордада "Ресей – Орталық Азия" саммиті өтеді 14.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-14T10:17+0500
2022-10-14T10:17+0500
2022-10-14T10:40+0500
саммит
тмд
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0c/28412933_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_aae6cc32b5950a5e1169dfe241dc859a.jpg
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Астанада Қазақстан төрағалығы аясында ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы басталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отырысты ашық деп жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, ТМД мемлекет басшылары кеңесінің қарауына гуманитарлық әріптестік, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ынтымақтастықтың басқа да аспектілеріне қатысты маңызды мәселелер ұсынылды.Осы аптада Астана халқы маңызды оқиғалардың куәсі болды. Кеше он бір мемлекеттің президенттері, арасында Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған да бар, Тәуелсіздік сарайында бас қосып, Азия өңірінде қауіпсіздікті сақтау мәселелерін талқыласа, бүгін ТМД президенттері кеңеседі.Айта кетері, Ресей мен Украина арасындағы жағдайға қарамастан көрші елдің лидері Владимир Путин де Қазақстандағы саммиттерден қалыс қалмады.ТМД мемлекет басшылары кеңесінің саммитіне Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары қатысады. Украина мен Молдова саммитке келген жоқ.Саммитте президенттер 2023 жылы ТМД-да Ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде орыс тілі жылын өткізу бойынша іс-шаралар жоспарының жобасын бекітеді деп күтілуде. Сонымен қатар гуманитарлық ынтымақтастық саласында 2023–2024 жылдарға арналған басым шаралар жоспарының жобасын қарау ұсынылды.Бұдан бөлек, ТМД төрағалығын Қырғызстанға беру және кезекті саммитті Бішкекте өткізу туралы шешім қабылданады деп жоспарланып отыр.ТМД мемлекет басшылары кеңесі – Достастықтың жоғары органы. Онда ұйым қызметінің басты мәселелері талқыланады.Сондай-ақ бүгін түстен кейін "Ресей – Орталық Азия" саммиті өтеді. Жиын қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданады.Шараға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттері қатысады.Саммит барысында елдер арасындағы өзара іс-қимылды дамыту, ортақ сауда-экономикалық және басқа да мүдделерді қорғау мәселелері талқыланбақ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0c/28412933_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_a5563146927a9c54760574fde51c099b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
саммит, тмд
Астанада ТМД елдері президенттерінің қатысуымен саммит басталды
10:17 14.10.2022 (жаңартылды: 10:40 14.10.2022) Сондай-ақ бүгін елордада "Ресей – Орталық Азия" саммиті өтеді
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Астанада Қазақстан төрағалығы аясында ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы басталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отырысты ашық деп жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Түрікменстан президенті қатысып отыр. Құрметті Сердар Бердімұхамедов, осы жерде жиналған әріптестерімнің атынан және жеке өз атымнан сізге қош келдіңіз деймін. Сізге бауырлас түркі халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметте табыс тілеймін", - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, ТМД мемлекет басшылары кеңесінің қарауына гуманитарлық әріптестік, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ынтымақтастықтың басқа да аспектілеріне қатысты маңызды мәселелер ұсынылды.
Осы аптада Астана халқы маңызды оқиғалардың куәсі болды. Кеше он бір мемлекеттің президенттері, арасында Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған да бар, Тәуелсіздік сарайында бас қосып, Азия өңірінде қауіпсіздікті сақтау мәселелерін талқыласа, бүгін ТМД президенттері кеңеседі.
Айта кетері, Ресей мен Украина арасындағы жағдайға қарамастан көрші елдің лидері Владимир Путин де Қазақстандағы саммиттерден қалыс қалмады.
ТМД мемлекет басшылары кеңесінің саммитіне Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары қатысады. Украина мен Молдова саммитке келген жоқ.
Саммитте президенттер 2023 жылы ТМД-да Ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде орыс тілі жылын өткізу бойынша іс-шаралар жоспарының жобасын бекітеді деп күтілуде. Сонымен қатар гуманитарлық ынтымақтастық саласында 2023–2024 жылдарға арналған басым шаралар жоспарының жобасын қарау ұсынылды.
Бұдан бөлек, ТМД төрағалығын Қырғызстанға беру және кезекті саммитті Бішкекте өткізу туралы шешім қабылданады деп жоспарланып отыр.
ТМД мемлекет басшылары кеңесі – Достастықтың жоғары органы. Онда ұйым қызметінің басты мәселелері талқыланады.
Сондай-ақ бүгін түстен кейін "Ресей – Орталық Азия" саммиті өтеді. Жиын қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданады.
Шараға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттері қатысады.
Саммит барысында елдер арасындағы өзара іс-қимылды дамыту, ортақ сауда-экономикалық және басқа да мүдделерді қорғау мәселелері талқыланбақ.