Қазығұртта 3 жасар қыз табылды

© Photo : Pixabay / Jupi Lu Девочка
Девочка - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Түркістан облысында жоғалып кеткен үш жасар қызды туыстары біраз уақыт іздемей жүрді. Полицейлер оның үйін өздері тауып алды.
Қазығұрт аудандық полиция бөліміне хабарласқан адам көшеде жалғыз жүрген қызды тауып алғанын айтты. Полицейлер бірден сол жерге барып, баланы алып қалды. Сосын сөйлесіп көрген. Алайда тілі толық шықпаған кішкентай қыз өзінің кім және ата-анасы қайда екенін айта алмады.
Содан полицейлер туыстары іздеп қала ма деп күтті. Бірақ бір сағаттың ішінде ешкім хабарласпады.
Туыстары іздеу салмағасын тәртіп сақшылары жақын жерді аралауға кірісті. Сол аумақта барлық көшелер мен аулаларды мұқият қарап шығып, өтіп бара жатқан адамдардардан да сұрастырған.
Осылайша, бірнеше сағатқа созылған іздестірудің нәтижесінде жоғалып кеткен кішкентай қыздың мекенжайын тапты. Ата-анасы үйде болған. Сөйтсе, 3 жасар қыз аулада ойнап жүргенде үйінен алыстап кеткен. Полицейлер бүлдіршінді әжесіне тапсырды.
"Қызымызды тауып берген полицейлерге ризамыз. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Әрқашан осылай халықтың қорғаны болып жүре беріңдер", – деді кішкентай қыздың әжесі.
Жаңалықтар
0