Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ Украинаға HAWK зениттік зымыран кешенін жеткізді

© Sputnik / Сергей Степанов / Медиабанкке өтуАмериканские высокомобильные ракетно-артиллерийские системы оперативно-тактического назначения M142 HIMARS
Американские высокомобильные ракетно-артиллерийские системы оперативно-тактического назначения M142 HIMARS  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2022
Жазылу
Украинадағы арнайы әскери операция барысында ресейлік армия жерде де, әуеде де басымдыққа ие. Киев режиміне батыстық қару-жарақ жеткізулер біртіндеп бәсеңдеп жатыр және көбіне әскери іс-қимылдың барысына әсер етпейтін деңгейге жетті. Осының мысалы ретінде 40 километрге дейінгі қашықтыққа ұшатын америкалық өндіріске жататын HAWK зениттік зымыран кешенін атауға болады, деп жазды ресейләк әскери шолушы Александр Хроленко.
25 қазанда Reuters агенттігі АҚШ-тың "ресейлік пилотсыз ұшақтар мен қанатты зымырандардың шабуылдарынан өзін қорғауға көмектесу" үшін Украинаға HAWK зениттік зымыран кешенін жеткізу мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлады.
12 қазанда АҚШ Штаб басшыларының біріккен комитетінің төрағасы Марк Милли басқа да зениттік зымыран кешендері арасында орта қашықтыққа ұшатын HAWK жүйесін де атап өтті. Оның айтуынша, бұл кешенге Украина үкіметі арнайы сұраныс жолдаған.
Бір күннен кейін НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Испаниядан Киевке төрт HAWK жүйесінің жеткізілгенін хабарлады. Америкалықтар жеткізген зениттік зымыран кешенінің нақты саны әлі белгісіз. Бірақ оның санынан гөрі кешеннің сапасы, заманауи ресейлік қанатты зымырандарды анықтау және тежеу мүмкіндігі әлдеқайда маңыздырақ.
"Батыстың өзі "тиімді" деп таныған Ресей Қарулы күштерінің жоғары дәлдіктегі әуе соққылары кезінде Украина Қарулы күштері мен НАТО-ның украин жеріндегі тыл инфрақұрылымы нөлге тең. Ресейге қарсы санкциялар (энергетикалық дағдарыс) аясында Еуроодақ экономикасы баяу күйреп, Киев режиміне Батыстың әскери көмегі бәсеңдеп жатыр", - деп жазды Хроленко.
25 қазанда Украинаға сапары кезінде Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер әріптесі Владимир Зеленскийге MARS жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйенің екі данасы мен өздігінен жүретін артиллериялық қондырғы Panzerhaubitze 2000 төрт данасын жеткізуге уәде берді. Бұл 1 000 километрге созылып жатқан майдан шебі үшін жеткіліксіз.
Украинадағы соғыс қимылдарына АҚШ пен НАТО-ның тікелей әскери араласу мүмкіндігі туралы Батыстағы пікірталас Украина Қарулы күштерінің қазіргі мүшкіл жағдайын ​​айғақтайды.
Демократ конгрессмендердің АҚШ президенті Джо Байденге Ресеймен дипломатияға шақырған хаты қоғамдық алаңда пайда болып, жоғалып кетуі тарих таразысының құбылып тұрғанын аңғартады.
The American Conservative басылымы "Эскалацияда Вашингтон емес, Мәскеу басымдыққа ие" деп жазды. Жалдамалы жауынгерлер мен поляк сарбаздары болмаса, Украинаның қыс мезгілінде Ресейге қарсы қоятын контингенті жоққа жуық.
Соңғы екі-үш айдағы украиналық қарсы шабуылдар тізбегі Украина Қарулы күштеріне жылдам орнын толтыру мүмкін емес дайындығы жоғары он мыңдаған әскери қызметші көлемінде шығын әкелді. Украин армясының осы жағдаайына қарамастан, Пентагон Киев режиміне MIM-23 HAWK зениттік зымыран кешенін жеткізіп отыр.
HAWK (Homing All-the-Way-Killer) зениттік зымыран кешені 1960 жылы АҚШ армиясына қабылданды және үш жаңартудан кейін 20 жыл бұрын пайдаланудан шығарылды. 1982 жылдан бастап Пентагон бірте-бірте Patriot зениттік зымыран кешеніне көшті. Дегенмен ол жауынгерлік сипаттамасы бойынша кеңестік баламасы С-300 зениттік зымыран кешенінен әлдеқайда әлсіз болды.
HAWK кешені әуелі ұшақтарды жою үшін дайындалды да, кейін зымырандарды тежеу мақсатына жаңғыртылды. Нысанаға дәл тигізудің ең үлкен қашықтығы – 40 километр және биіктікте – 18 километр. Оқтұмсық салмағы – 75 килограмм. Декларативті анықтау қашықтығы – 80 километрге дейін (немесе үлкен биіктікте 110 километрге дейін).
Зениттік зымыран жүйесінің негізгі нұсқасы тек бір әуе нысанасына шабуыл жасай алады. Соғыс жағдайында мұны алғаш рет Израиль армиясы қателесіп өзінің Dassault MD450 Ouragan жойғыш ұшағын атып түсірген кезде орындады. Бір зымыранмен нысанаға дөп тию ықтималдығы 50% деп жарияланды. Алайда 1973 жылы соғыс кезінде израильдік HAWK зениттік зымыран кешені 75 зымыран шығынымен жаудың 12 ұшағын атып түсірді.
Кешеннің пилотсыз ұшақтар мен заманауи қанатты зымырандарға қарсы күрестегі тиімділігі еш дәлелденбеген. Бұл кешен Еуропаның, Азияның және Африканың ондаған елдеріне жеткізілген ең табысты уақыт әлдеқашан артта қалды. Сарапшылар HAWK зениттік зымыран кешені заманауи радиоэлектронды күрес жүйелерінің кедергілеріне тұрақсыз екенін атап өтті.
25 қазанда америкалық Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының (CSIS) өкілі HAWK жүйелері негізінде "музей экспонатына" айналғанын, бірақ ұшақтар және тікұшақтарға қарсы күрес кезінде әуе шабуылына қарсы қорғаныстың болуы "тежеу ​​әсері" арқылы тиімді екенін мәлімдеді.
"АҚШ Украина Қарулы күштеріне қашықтығы 25 километрге дейінгі алғашқы екі NASAMS жүйесін тапсырды және бұл әуе қорғанысы "боямасының" тағы бір әрекеті.. Өндіріс уақытты талап ететіндіктен, Украина Қарулы күштері норвегиялық NASAMS, неміс IRIS-T және ұзақ мерзімді сақтау қоймаларынан бұрын шығарылған америкалық HAWK кешенінің белгілі бір санына ғана үміт арта алады", - дейді әскери сарапшы.
Мұндай жеткізулер Киев режимінің жеңіліске ұшырайтынын көрсетеді. 25 қазанда Хорватияда сөйлеген АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси АҚШ-тың "жеңіске жеткенше" Украинаның әскери және гуманитарлық қажеттіліктерін қаржыландыруға уәде бергенін растады.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0