Тоқаев бірнеше судьяны қызметінен босатты

© AP Photo / Jean-Francois BadiasАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана, Алматы және екі облыстың судьялары арасында кадрлық ауыс-түйіс жасады. Бұл туралы президент 26 қазанда қол қойған "Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы" жарлықта айтылған.
Жарлыққа сәйкес Қостанай облыстық сотының төрағасы Анатолий Смолин отставкаға кетуіне байланысты қызметінен босатылды.
Екі судья тәртіп бұзғаны үшін сот алқасының шешімімен қызметінен алынды – олар Алматы қаласы Бостандық ауданы № 2 аудандық сотының судьясы Қанат Сырлыбаев пен Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Ғалымжан Бекмәмбетов.
Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Динара Қабиденова басқа жұмысқа ауысуына байланысты;
Ал қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қыдырбек Әлқожаев қайтыс болуына байланысты қызметінен босатылды.
Сондай-ақ Тоқаев өз жарлығымен Марлен Бекетовты Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы қызметіне және Марал Омарованы Ақтөбе сотының судьясы қызметіне тағайындады.
Жаңалықтар
0