Киселев: Ресейге қарсы ақпараттық соғыс жүріп жатыр

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуПресс-конференция К. Вышинского
Пресс-конференция К. Вышинского - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Ресейге қарсы толыққанды ақпараттық соғыс жүріп жатыр. Бұл туралы "Россия сегодня" халықаралық медиатобының бас директоры Дмитрий Киселев ТМД елдерінің "Өзгермелі әлемдегі БАҚ-тың дамуы" медиа форумында айтты.
"Егер Ресейге қарсы соғыс қазір гибридті болса, ал ақпараттық агрессия толыққанды, ешқандай жеңілдіксіз, тікелей жүргізіліп жатыр. Бізбен бетпе-бет келіп, ол ақпараттық соғыс қолда бар құралдарды пайдалану және жаңасын ойлап табу арқылы орындалып жатыр. Бірақ ештеңеге қол жеткізе алмайды. Өйткені ақиқат біздің жақта және Ресейге мен іс жүзінде бүкіл әлемге агрессия танытып отырғандарға қарсы шындық бар", - деді Киселев медиа форумға қатысушыларға арнаған сөзінде.
Ол "егер Еуропадағы газ құбырларының жарылғаны туралы шындық айтылса, ол англосаксондарға қарсы, бірақ Ресейдің пайдасына болады, сондықтан олар бұл шындықты айтпайтынын" атап өтті. Оның айтуынша, басқа да бірқатар мәселелер бойынша дәл осындай жағдай қалыптасқан.
Киселев, сондай-ақ, Ресей ақпараттық соғыста жеңіліп жатпағанына сенім білдірді.
"Біз біртұтас, тұрақтымыз және осы жолды толық жеңіске дейін жүріп өтеміз", - деді ол.
"Россия сегодня" халықаралық медиа тобы Ресей Федерациясының цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігінің қолдауымен форумның ұйымдастырушысы болып табылады.
Жаңалықтар
0