Спорт

Елена Рыбакина Ұлыбританияда сәтті өнер көрсетіп, Қазақстанға жеңіс әкелді

© Photo : Федерация тенниса КазахстанаЕлена Рыбакина
Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2022
Жазылу
Ақтық жұптық ойында Анна Данилина мен Елена Рыбакина Алисия Барнет/Оливия Николлспен ойнайды
АСТАНА, 9 қараша - Sputnik. 2019 жылы Федерация кубогының плей-офф кезеңінде Қазақстан құрамасы Ұлыбританиядан жеңіліп қалды. Үш жылдан кейін Ярослава Шведованың тәрбиеленушілері есесін қайтарып қана қоймай, командалық әлем чемпионатының "С" тобында да топ жарды.
Біздің құрама үшін маңызды екінші ұпайды ұлттық құраманың көшбасшысы Елена Рыбакина әкелді. Ол әлемдік рейтингте 98-орында тұрған Хэрриет Дартты 6:1, 6:4 есебімен жеңді. Қарсыластар арасындағы жеке кездесулердің есебі 3:0 болып, Рыбакинаның пайдасына шешілді.
Осылайша, Рыбакина үшін британия жері Уимблдон-2022-ден кейін екінші маңызды жеңіс сыйлады.
Біраз бұрын Юлия Путинцева біздің командаға бірінші ұпайды әкелді. Қазақстандық Кэти Бултерді 4:6, 6:3, 6:2 есебімен ұтты.
Елена Рыбакина жеке куәлігі мен паспортын көрсетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2022
"Қазақстан азаматымын": Елена Рыбакина жеке куәлігі мен паспортын көрсетті
Жаңалықтар
0