Саясат

Астанада Сирия бойынша келіссөздер қашан өтетіні белгілі болды

© Sputnik / Владислав ВодневАстанада Сирия бойынша келіссөздер қашан өтетіні белгілі болды
Астанада Сирия бойынша келіссөздер қашан өтетіні белгілі болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. 22-23 қарашада Астана қаласында Сирия бойынша келіссөздердің кезекті раунды өтеді. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Биыл 22-23 қарашада Астана қаласында астана форматында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі кезекті 19-шы халықаралық кездесу өтеді. Келіссөздерге кепіл елдер - Иран, Ресей және Түркия делегациялары, сондай-ақ Сирияның үкіметі мен қарулы оппозициясының өкілдері қатысады. Байқаушы ретінде БҰҰ, Иордания, Ирак пен Ливан өкілдерінің қатысады деп жоспарланып отыр", - деді Смадияров апта сайынғы брифингте.
Сондай-ақ, оның айтуынша, БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы уәкілі Гейр Педерсен Астанада Сирия бойынша өтетін халықаралық кездесуге қатысатынын растаған. Келіссөздердің күн тәртібіне мына мәселелер кіріп отыр:
Сириядағы жағдай, оның ішінде гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық ахуал; саяси процесті кешенді ілгерілету;
сенім шаралары, оның ішінде кепілге алынғандарды босату және із-түссіз жоғалғандарды іздеу;
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2642 қарарына сәйкес, Сирияны қайта қалпына келтіру және сириялық босқындарды отанына қайтару үшін жағдай жасау мақсатында халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін жұмылдыру.
Смадияровтың айтуынша, бірінші күні кепіл елдердің (Иран, Ресей және Түркия) екіжақты және үшжақты консультациялары, Сирия Араб Республикасының үкіметі мен қарулы сириялық оппозиция арасындағы келіссөздер, байқаушы тараптардың делегацияларымен кездесулер өтеді.
Екінші күні консультацияларды жалғастыру, жалпы отырыс және баспасөз мәслихаты жоспарланып отыр. Бұдан бөлек келіссөздер аясында кепіл елдердің, БҰҰ және Халықаралық қызыл крест комитетінің қатысуымен мәжбүрлеп ұсталып отырған тұлғалар бойынша жұмыс тобының отырысы өтеді.
Жарылыс, Ыстанбұл - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2022
Әлем
Түркиядағы жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ
Жаңалықтар
0