Трамп АҚШ президенті сайлауына қатысады

© AP Photo / Carolyn KasterДональд Трамп
Дональд Трамп  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Америка Құрама Штаттарының президенттігіне кандидатурасын ұсынуға өтініш берді. Бұл туралы федералдық сайлау комиссиясы жариялаған құжатта жазылған.
Трамп 2024 жылы өтетін президент сайлауына үміткер ретінде тіркелді.
Бұрынғы президент 15 қарашада конгрестің аралық сайлауы қарсаңында Мар-а-Лагода "маңызды мәлімдеме" жасады. Бұған дейін ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында өз мәлімдемесі "ел тарихындағы маңызды күндердің біріне айналатынын" жазған болатын.
Жаңалықтар
0