Видео

Бюллетеньдер сайлау учаскелеріне жеткізілді – видео

Жазылу
Президент сайлауына арналған дауыс беру бюллетеньдері учаскелерге жеткізілді. Sputnik Қазақстан тілшілері үш бірдей сайлау учаскесі ашылған Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайына барып қайтты
58 сайлау учаскесінің төрағасы Қымбат Іргебаеваның айтуынша, барлық бюллетень сейфке салынды.
"20 қараша күні таңертең сағат 5:30-да жұмысымызды бастаймыз, ал 6:00-де бақылаушыларды және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін қабылдай бастаймыз. Сол адамдардың көзінше сейф ашылып, бюллетеньдер біздің сайлау комиссиясының мүшелеріне таратылып беріледі. Берілгеннен кейін ол кісілер сағат жетіден бастап сайлаушыларды қабылдай бастайды", - дейді Іргебаева.
Биыл осы жерде үшінші сайлау учаскесін ашуға тура келді. Себебі қала халқының саны өсіп жатыр.
"Биылға дейін бізде екі сайлау учаскесі болған, 58-ші және 59-шы. Алматы ауданы, оның ішінде осы Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының маңайында қоныстанған халықтың көбеюіне байланысты 355-ші жаңа сайлау учаскесі ашылып жатыр. Ең қуантатыны, биыл тізімнен өзін тексеретін сайлаушылар көбейді. Белсенділігі артты", - деп атап өтті Іргебаева.
Жаңалықтар
0