Әлем

Трамптың Twitter парақшасынан бұғаттау алынып тасталды

© AFP 2024 / SAUL LOEB Дональд Трамп
 Дональд Трамп  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2022
Жазылу
Алайда АҚШ-тың экс-президенті Truth Social атты өзі құрған әлеуметтік желіде қалатынын мәлімдеді
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Илон Маск Трамптың Twitter аккаунтын қалпына келтіретінін хабарлады.
"Халық дауыс берді. Трамп қайта оралады. Себебі, халық дауысы – құдайдың дауысы," - деп жазды Маск Twitter әлеуметтіка желісінде.
Трамптың қайта оралуын қолдап дауыс бергендердің саны 51,8%-ті құрады. Дауыс беруге барлығы 15 миллионнан астам желі қолданушысы қатысқан.
Бұл ретте Трамптың өзі де аккаунттың қалпына келтірілуін қолдап дауыс берді. Бірақ ол Twitter-ге қайтып оралмайтынын, өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде қала беретінін айтты.
Твиттерде Трамп парақшасына 7 сағатта 25 миллион оқырман жазылды.
Еске салсақ, 2021 жылдың 8 қаңтарында бұғатталғанға дейін Американың бұрынғы президентінің парақшасында 90 миллионға жуық оқырман бар болатын.
Жаңалықтар
0