сайлау - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2022
Президент сайлауы - 2022
Қазақстанда 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Си Цзиньпин Тоқаевқа жеделхат жолдады

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуПредседатель КНР Си Цзиньпин
Председатель КНР Си Цзиньпин - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Қазақстан Республикасының президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлайды Ақорда.
"Сайлаудағы айқын жеңісіңіз Қазақстан халқының сізге деген сенімін және өзіңізді толық қолдайтынын білдіреді. Сіздің бірегей басшылығыңызбен еліңізді реформалауға бағытталған барлық бастамаңыз табысты болатынына және Жаңа Қазақстанды құру ісі ілгерілейтініне сенімдімін. Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беремін және дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толған уақытта сіздермен бірге мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңіне қадам басуға дайынмын, – деп жазылған жеделхатта.
Жаңалықтар
0