Кәсіби патронаттық отбасы институты құрылады

© Photo : Esi GrünhagenАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 24 қазан – Sputnik. Қазақстанда кәсіби патронаттық отбасы институты құрылады. Оқу-ағарту министрлігінің жаңа жобасы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды балалар үйіне емес, бірден патронаттық отбасына беруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды оқу ағарту министрлігі.
Бұл балалардың асырап алушы ата-анасын тез тауып, үйде бейімделуі үшін қажет. Бұл жұмыс мемлекет басшысының "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" атты сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.
"Балалар үйлерінде ауыр аурулары бар және дамуында артта қалған балалар қалады. Бұл балалардың отбасында тәрбие алу мүмкіндігіне ие болуы үшін денсаулық жағдайына қарамастан барлық баланы қабылдауға дайын кәсіби патронаттық отбасылар институты құрылады. Қазір Оқу-ағарту министрлігі кәсіби патронаттық отбасыларды заңнамалық тұрғыдан бекіту жұмысымен айналысып жатыр", - деп айтты Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
Кәсіби патронаттық тәрбиешілерге қойылатын талаптарды, психологиялық дайындық бағдарламасын, әлеуметтік кепілдіктер мен төлемдер тізбесін және әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Балаларды кәсіби патронаттық отбасына 3 айға дейін қысқа мерзімге және 3 айдан кәмелетке толғанға дейін ұзақ мерзімге беруге болады деп жоспарланып отыр. Балаларды тәрбиелеуге беру келісім негізінде жүзеге асырылады. Асырап алушы ата-аналар балаларының санына және олардың отбасында болу мерзіміне байланысты өз еңбегі үшін ақы алады.
Жаңалықтар
0