Рудныйда әйелді тапа тал түсте тонап кетті – видео

© Sputnik / Абзал КалиевИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Рудный қаласының полициясы әйелдерді тонап жүрген ер адамды ұстады. Оның бір қылмысы видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
29 қарашада белгісіз ер адам дәріханада әйелдің қолынан әмиянды жұлып алып, қашып кеткен. Одан кейін көшедегі зейнеткердің сөмкесін тартып алған. Сол күні қылмыскерді іздестіруге полицияның барлық наряды жұмылдырылды.
" Криминалдық полиция қызметкерлері 35 жастағы күдіктіні қаладағы пәтерлердің бірінде ұстады. Ұрланған заттардың бір бөлігі иесіне қайтарылды", – дейді полицейлер.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 191-бабы, 1-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдікті қамауға алынды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2022
Астанада бозбалалар жас жігітті тонап кетті – видео
Жаңалықтар
0