https://sputnik.kz/20221201/zhogary-auditorlyq-palatasynyn-ush-mushesi-tagayyndaldy-29914071.html
Жоғары аудиторлық палатасының үш мүшесі тағайындалды
Жоғары аудиторлық палатасының үш мүшесі тағайындалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 желтоқсан — Sputnik. Сенат Жоғары аудиторлық палатасының мүшелігіне үш адамды тағайындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 01.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-01T09:23+0500
2022-12-01T09:23+0500
2022-12-01T09:23+0500
парламент
https://sputnik.kz/img/07e6/09/01/27194098_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_9270e09a89d54345488ee1590c68fa70.jpg
АСТАНА, 1 желтоқсан — Sputnik. Сенат Жоғары аудиторлық палатасының мүшелігіне үш адамды тағайындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Жоғары палатаның шешімімен Рашит Ахметов, Нұрлан Нұржанов мен Расул Рахимов Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі қызметіне тағайындалды.63 жастағы Рашит Сайранұлы Ахметов соңғы бес жыл бойы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде жұмыс істеді. 57 жастағы Нұрлан Амангелдіұлы Нұржанов та осы комитетте еңбек етті. Ал Расул Нұрланұлы Рахимов 44 жаста, "Болашақ" халықаралық бағдарламасының түлегі. Оксфорд магистратурасын бітірген. Былтырдан бері республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде қызмет етіп келеді. Айта кетері, жоғары аудиторлық палатасының мүшелігіне кандидаттарды палата төрағасы ұсынады. Жақында осы қызметке Наталья Годунова тағайындалған болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/01/27194098_138:0:2869:2048_1920x0_80_0_0_7cb42d84ee9a0cb8941bb0839b27e4f3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
парламент
Жоғары аудиторлық палатасының үш мүшесі тағайындалды
АСТАНА, 1 желтоқсан — Sputnik. Сенат Жоғары аудиторлық палатасының мүшелігіне үш адамды тағайындады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жоғары палатаның шешімімен Рашит Ахметов, Нұрлан Нұржанов мен Расул Рахимов Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі қызметіне тағайындалды.
63 жастағы Рашит Сайранұлы Ахметов соңғы бес жыл бойы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде жұмыс істеді. 57 жастағы Нұрлан Амангелдіұлы Нұржанов та осы комитетте еңбек етті. Ал Расул Нұрланұлы Рахимов 44 жаста, "Болашақ" халықаралық бағдарламасының түлегі.
Оксфорд магистратурасын бітірген. Былтырдан бері республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде қызмет етіп келеді.
"Аталған кандидаттар кәсіби қызметін жүзеге асыру барысында өздерінің қаржылық бақылау және мемлекеттік аудит саласында жауапты басшылар, жоғары білікті мамандар ретінде көрсетті", - дейді сенатор Серікбай Тұрымов.
Айта кетері, жоғары аудиторлық палатасының мүшелігіне кандидаттарды палата төрағасы ұсынады. Жақында осы қызметке Наталья Годунова тағайындалған болатын.